Halyk Bank кәсіпкерлер, шағын және микро-бизнес үшін смартфондарда контактісіз төлемдерді қабылдауға арналған қолайлы шешім – Halyk Pos қосымшасын (SoftPos технологиясында) ұсынады.
Жанасусыз төлемдер технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосалқы жабдықсыз POS-терминалға айналдыруға жол ашады. Ол шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін арналған және оларға контактісіз төлемдерді смартфонның көмегімен қабылдауға мүмкін береді. Шешім сауда-сервистік желіде электрондық төлемдерді қабылдау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтып, сауда нүктесінің клиенттер базасын көбейтеді және эквайринг қызметтеріне қосылу құнын барынша азайтады.
Halyk Bank Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатова қызмет түрі жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу үшін таптырмас құрал екенін айтты.
– Halyk Pos қосымшасы қолма-қол төлемдер бойынша, мысалы, инкассацияға шығындарды қысқартуға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қабылдауға мүдделі микро және шағын бизнеске арналған. Жаңа шешім контактісіз төлемдер қабылдау желісін кеңейту, клиенттер базасын ұлғайту және эквайринг қызметтеріне қосылуға шығындарды төмендету арқылы кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек бизнестің клиенттері де, өз кезегінде, контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болады, – деді ол.
Жанасусыз төлем технологиясы арқылы төлемдер қабылдауға қосылу үшін кәсіпкер Halyk Pos қосымшасын жүктеп, Halyk Bank-пен эквайринг шартын бекітуі керек. POS-терминалды толығымен алмастыра алатын Halyk Pos қосымшасын орнатып, контакісіз POS-терминалдың барлық функцияларына қосымша құрылғыларсыз қол жеткізуге болады.
Негізгі артықшылықтары
- POS-терминалдың орнына смартфон жүреді, қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ;
- Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7 режимінде жұмыс істейді;
- Кез келген банк картасымен төлеу және смартфон арқылы төлеу;
- Операциялар туралы нақтыланған есептілік;
- Төлемдер қабылдау бойынша заңнаманы сақтау;
- Барлық банктердің клиенттерін қосу;
Функциялары:
- Кез келген банктің карталары бойынша (Visa, Mastercard және Union Pay) төлемдер қабылдау;
- Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы смартфонмен төлемдер қабылдау;
- Төлемдерді болдырмау және кері қайтару;
- Электрондық чектерді жөнелту;
- Операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарау.
Пікір қалдыру