«Бәйтерек» холдингі «жасыл» экономикаға көшу идеясын қолдайды

/image/2020/12/11/crop-3_20_193x344_5h9r1b76klt2rfyl8p5b.jpg

«Бәйтерек» холдингі елдің «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі бастамаларын әр түрлі құралдар – «Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы» шеңберінде несие төлеу ставкаларына кепілдік беру және субсидиялау түрінде, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін, таза технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту сияқты халықаралық қаржы ұйымдарымен және стратегиялық серіктестермен тиімді қатынастар орнатуда көмек көрсетеді.

Бүгінгі күні «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «ҚДБ-Лизинг» АҚ жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша 295,8 млрд.теңге сомасында жалпы несиелік сомасы 155 млрд.теңгеге 9 жобаға қолдау көрсетті.

«Бәйтерек» холдингі еліміздің ең ауқымды әлеуметтік жобаларының бірі – «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысын қаржыландырды. Газ құбыры – төмен көміртекті энергияға көшуді қамтамасыз ететін стратегиялық инфрақұрылымдық объект. Газ құбыры бойында орналасқан елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құрудан тұратын жобаның жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атап өту қажет. «Бәйтерек» холдингі жобалық қаржыландыру бөлімінің директоры Әсет Тәжікенов:

- «Жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы ірі жүйелік қайта құрулардың негізін қалады. Өздеріңіз білетіндей, тұрақты даму жүйесі ең алдымен мемлекеттік құрылымның үш компонентіне негізделген: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Елдің тұрақты дамуының экологиялық компоненті іргелі болып табылады және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі табиғи капиталды және экожүйені сақтап қана қоймайды, сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланудан экономикалық шығындарды азайтады, бұл халықтың өмір сүру сапасына, оның әл-ауқатына тікелей әсер етеді, - дейді.

Экологиялық мәселелер бойынша белсенді азаматтық ұстаным инновацияларды, күнделікті өмірде және «таза» технологияларды енгізуге қатысу да «жасыл» экономиканы қалыптастыру жолында қозғаушы күш болып табылады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар