Бүгін бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Азимов 69 жасында өмірден өтті. Бұл туралы ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының instagram парақшасында хабарланды.
⠀
Руслан Жұмабайұлы белгілі тілші әрі жазушы Жамбыл Азимовтың отбасында дүниеге келген. Ол Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, Вильямс атындағы Мәскеу Ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты.
"Р.Азимов Республикадағы алғашқы «Агро» мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды, өзі құрған Халықаралық қазақстандық агроөнеркәсіптік биржаның президенті болды, ҚР Мемлекеттік сатып алу агенттігін және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарды. Бейіндік министрлікте жұмыс істеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы лауазымына дейін көтерілді.
"Марқұмның бауыры Сергей Жұмабайұлы Азимовқа және барлық туған-туыстарына ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұжымының атынан қайғырып, көңіл айтамыз. Қазаның арты қайырлы болғай!" делінген хабарламада.
1997 жылдың соңында Руслан Әзімов ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып тағайындалған. Уақытында ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы лауазымына дейін көтерілген.
Пікір қалдыру