Трамп қолдаған "сайлауды бұзу туралы" арызды АҚШ жоғарғы соты кері қайтарды

/image/2020/12/12/crop-20_18_517x950__116038034_epa.jpg

АҚШ-тың жоғарғы соты президент Дональд Трамп қолдаған төрт штаттағы сайлау алаяқтығы туралы арызды кері қайтарды.

Осы аптада сот процесі Джорджия, Мичиган, Пенсильвания және Висконсиндегі нәтижелерді жарамсыз деп тануға арналды. Жаңа сайланған президент Джо Байден төрт штатта да жеңіске жеткен. 

Техаста қаралған сот ісін 18 штаттың бас прокурорлары және 106 республикалық конгресс мүшелері қолдады. 

Бірақ АҚШ жоғарғы соты өтінімді қабылдамаған қысқаша бұйрық шығарды және Техастың істі қарауға заңды мәртебесі жоқ деп шешті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар