Пандемия басталғалы ғалымдар коронавирус кейбір адамдарға неге жеңіл түрде, ал кейбір адамға ауруханаға жатуға, реанимация түсуге дейін әсер ететінін анықтауға тырысып келеді, деп жазады COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия баспасөз қызметі.
Британия ғалымдары ауруханалардың 200-ге жуық реанимация бөлімшелерінде жатқан 2 мыңнан астам пациентке зерттеу жүргізген. Нәтижесінде науқастарда COVID-19 белгілерін асқындыратын "неандерталь" генінің бар екенін анықталған.
Сырқат адамдардың геномдарын сау адамдардың геномдарымен салыстыра келе бірнеше айырмашылықтар байқалған.
Мәселен, иммундық жасушаларды агрессивті ететін TYK2 гендерінде, қабыну кезінде маңызды рөл атқаратын DPP9-да, вирустың репликациясына кедергі келтіретін OAS және интерферонның өндірілуіне байланысты IFNAR2 – күшті вирусқа қарсы молекулаларында өзгешеліктер білінген.
⠀
Генетика саласындағы бұл ашылым COVID-19-дың биологиялық механизмдерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді. Осылайша, ғалымдарға енді емдеудің жаңа әдістерін ұсыну оңайырақ болмақ.
Пікір қалдыру