Шетелдік БАҚ: Дариға Назарбаев Тоқаевтан есесін қайтара ма?

/image/2020/12/12/crop-12_179_1357x2412_fe1db89ab672b05787309445b45.jpg

Германиялық dw.com сайты Қазақстанда 10 қаңтар күні болатын парламент мәжілісі сайлауына үміткер ретінде ұсынылған сенаттың экс-төрағасы Дариға Назарбаева туралы, оның саясатқа келуі Қазақстан жүйесіне қалай әсер етуі мүмкін екені жайлы жазды.

Батыс басылымы өзін оппозиция ретінде көрсететін ЖСДП партиясы сайлауға байкот жариялағаннан кейін саяси оқиға тартымдылығын жоғалтқанын, алайда Дариға Назарбаеваның кандидаттар тізіміне енуі қызықты саяси сюжетке жол ашқанын жазды.

"Новая газета Казахстан" газетінің бас редакторы Александр Краснер бұдан президент Тоқаев пен экс-президенттің қызы Дариға Назарбаева арасындағы қайшылықты көрген.

– Егер ол (Дариға Назарбаева - ред.) парламентке келсе, президент екінші рет оны ол жақтан шығара алмайды, – деп санайды Александр Краснер.

Оның айтуынша, Қ.Тоқаев пен Д.Назарбаева арасындағы конфликт кездейсоқ жағдай емес, бұл – екінші президент пен билікті уысынан шығарып алғысы келмейтін "Назарбаев әулетінің" өкілі арасындағы саяси текетіресті білдіреді.

Журналист Назарбаеваның парламентке оралуы оның жеке есеп айрысуынан бөлек, әулеттің билікті толықтай өз қолдарына қайтаруын білдіретінін атап өтті.

Сондай-ақ Александр Краснер Назарбаева мәжілісте қатардағы депутат болуды місе тұтпай, вице-спикер яғни елдегі үшінші адам болуға ынталануы мүмкін екенін айтты.

Сарапшы Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік республика құруға ынталы екенін, президенттің кейбір өкілеттігін парламентке беру туралы ережелер әзірленгенін, 2019 жылы 3 қалада парламенттік республиканы жақтаушылар 1995 жылға дейінгідей президент парламентке есеп беруді талап етіп рұхсат етілмеген митинг өткізіп, оларды ешкім қумағанына назар аударды.

– Қазір сол (парламенттік республика) жүзеге асатын сәт келе жатыр әрі бұл Дариға Назарбаеваның жоспарымен үйлеседі. Егер ол парламентте жоғары лауазымға қол жеткізсе, президент ары да, бері де жүгіретін болады. Бұл оның реваншы және "әулет" позициясын қайтару болмақ, – деді журналист.

Алайда басылымда пікірі жарияланған саясаткер Әміржан Қосанов Дариға Назарбаева қаржылық, медиалық және басқа да ресурстарының барына қарамастан, жоғары билікке таласқа түсе алмайды деп  санайды.

– Билік басындағы орталар мен үлкен бизнесте Назарбаев қызының саяси амбицияларын қолдай кететіндер көп деуге келмейді. Оның (Назарбаева - ред.) саяси және іскерлік элита арасында жауы көп, –  деді Қосанов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар