Сарысудағы кездесуде сан түрлі мәселелер сөз болды

/image/2020/12/12/crop-24_16_523x697_568561c1-6b62-4488-8a77-6caa2d4d2c31.jpg

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауының алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясынан үміткер Мейрамбек Төлепберген Сарысу ауданында болып, Жаңатас қаласының тұрғындарымен кездесті.

Аудан орталығындағы 3 шағын аудан №38 үй тұрғындарымен кездесу барысында Мейрамбек Мылтықбайұлы сайлауалды партия бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, өз ойын ортаға салды. Еңбек ардагерлері мен орта буын өкілдері ашық әңгімеге белсене қатысты.

Өз сөзінде үміткер халықтың әлеуметтік жағдайының жақсарып, мәселелердің тиянақты болғанын қалайтынын жеткізді. Өз кезегінде жаңатастықтар нақты іске қолдау көрсететінін айтып, тауарлар бағасының тұрақты болуына алдағы уақытта да назарда ұстауды ұсынды.


Жаңатаста 91 көпқабатты үй болса, соның 81-де жарықтандыру жұмысы жүргізіліп, 16 балалар ойын алаңы іске қосылды. Қалада биыл «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша 337 млн. теңге қаржыға әлеуметтік нысандар жөнделді. Міне,осы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы елдік тірліктің айқын көрінісі. Жаңатастықтар мұы жақсы түсінеді, кеншілер қаласының келешегіне зор сеніммен қарайды. Көп пәтерлі бір үйдің тұрғындары ашық әңгіме үстіндегі ой-пікірлерінің ортақ мүддеден табылғанын қостап, тілектестік танытты.


Келесі кезекте М. Төлепберген ел-жұртқа қадір-қасиетімен сыйлы, көпшілік құрметіне бөленген Сағира Уашбайқызының шаңырағында болды. 90 жасқа қадам басқан анамыз өз отбасымен Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әртүрлі заман толқынында тағдыр тәлкегімен шартарапқа шашырап кеткен қазақ бауырларымызды Атажұртқа оралуына тарихи қамқорлық жасаған уақытта Моңғолиядан көшіп келген екен. Содан бері бұл кісілер еңбек етіп, ел қатарлы тұрмысын тіктеген.
Асыл ана ел жаңалықтарынан хабардар.Алдағы сайлауда өз таңдауын жасап, нұротандықтарға қолдау көрсететінін айтып отыр. Ақ тілеуі Қазақстанның өркендеуі мен бейбіт өміріне бекемделген. Отанымыздың нұрлы болашағына арнап ақ батасын берген әжеміз бізбен ерекше мейіріммен, ыстық пейілмен әңгімелесті.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар