"Nur Otan" партиясы атынан Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жасұлан Тұрымбетов және Нұрсұлу Байгабулова Ақжар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалдан Ережепұлының үйіне барды.
Қалдан Ережепұлы ауданға белгілі азамат. Кеңес заманында колхоз басшысы болған, бүгінде аймақтың ақсақалы ретінде, елді бірлікке шақырып жүрген Қалдан ағаның отбасында болған партиялық үміткерлер "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қазіргі әлемде тұрақтылық пен дамудың берік кепілі болатын ұзақ мерзімді саяси көшбасшылық қамтамасыз етілген елдер ғана үлкен табыстарға жетенін "Nur Otan" партиясы аталған бағдарламаның бағыттары аясында еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра беретінін жеткізді. ағамыздың, партияның ұстанымын қолдап, үміткерлерге ақбатасын берді.
Отан игілігіне арналған бұдан да белсенді жұмыс кезеңіне айналатынын, Қазақстан азаматтары көрсеткен сенімді партия жоғары бағалайтынын және халықтың үмітін ақтау ісінде барынша жұмыс жасайтынын айтқан Ж.Тұрымбетов "Nur Otan" партиясы – еліміздің әлеуметтік әл-ауқатының кепілі бола білді. Сондықтан алдағы сайлауда бірауыздан партияға сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды.
Сонымен қатар, үміткерлер ауданға белгілі азамат Калдыбеков Байсейіт ағаның үйінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
"Nur Otan" партиясы Сарыағаш аудандық филиалы қоғамдық штабының баспасөз қызметі
"Nur Otan" партиясы Сарыағаш аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді
Пікір қалдыру