«Nur Otan» партиясы атынан сайлау науқанына түсіп жатқан үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар бұқарамен кездесті.
Атап айтсақ, үміткерлер Марат Смаилов пен Дүйсен Бықыбаев Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылында болып, канвассинг форматында қара халықтың өтініш-тілегіне құлақ түрді. Сондай-ақ кандидаттар кездесулер барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, оның басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді.
Партияның ықпалымен алдағы 5 жылда 125,8 мың тұрғыны бар 119 елді мекенді сапалы ауызсумен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ 128 мың адам тұратын 107 ауылға газ құбыры жүргізілмек. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін 85 ауылда жалпы ұзындығы 862 шақырым болатын су құбыры тартылады.
Ал 2025 жылға қарай өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін алқаптың көлемі 25 мың гектарға артып, мал басы 110 мыңға және құстың саны 102 мыңға дейін жетеді деп күтілуде. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау нарығы кеңейеді.
Ауылдағы шағын және орта бизнеске жасалған қолдау есебінен елді мекендердегі кәсіпкерлер 225-ге көбейіп, өндіріс көлемі 807 миллион 200 мың теңгеге артады.
Қазіргі таңда ауылдағы әрбір ауладағы табыс көлемі 104 мың теңге болса, 2025 жылға қарай бұл сома 209,1 мың теңгені құрайды, - деген кандидат Марат Смаилов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының әрбір бағыты әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталғанын айтты.
Өз кезегінде сөз алған тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
"Nur Otan" партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Пікір қалдыру