Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымындағы басты міндетін айтты. Бұл туралы ол мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді.
– Президент лауазымындағы менің басты міндетім – әлеуметтік әділдік және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады. Биыл 4 миллионға жуық азаматтың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемақыларының көлемін өсірдік.
Әлеуметтік сақтандыру төлемақысын 5 пайызға көбейттік. Аз қамтылған отбасылардың 500 мыңнан астам балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгіздік. Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету үшін өңірімізде бұрын-соңды болмаған қадамға бардық. Азаматтарға 42500 теңге көлемінде тікелей төлемақы берілді. Мемлекеттен 4,5 миллионнан астам адам қаржылай көмек алды. Несиелердің шегерілуі 1 миллион 900 мыңға жуық қазақстандықтың дефолтқа түсуіне жол бермеді, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы пандемия салдарынан еліміздің басты ұлттық мерекесін кең көлемде атап өту мүмкін болмағанын айтты.
Пікір қалдыру