"Nur Otan" өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

/image/2020/12/16/crop-0_109_719x1278_whatsapp-image-2020-12-16-at-13.19.08.jpeg

«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл облысына барды. Олар өнеркәсіп кәсіпорындарының ұжымымен, шағын және орта бизнес өкілдерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді тағы да басқа мәселелерді көтерді. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ұсыныстардың барлығы праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған сайлауалды бағдарламаларда қамтылған.

Мәселен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделіп отыр.

«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

 Nur Otan

Nur Otan
«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады. Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.

Облыс спортшыларымен кездесу барысында Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек бұқаралық спортты дамыту, әсіресе, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша партиялық бағдарламадағы негізгі басымдықтар жайын сөз етті.

Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.

«Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі. Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады. Бізбен бірге болыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!», - деді Бауыржан Байбек.

Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Пікірлер тізімі 10

  • default avatar
    10:13, 20 желтоқсан 2020

    Ерсин

    Партия кәсіпкерлердің құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жеңілдету үшін және жемқорлық пен бюрокартияны жою мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» кеңсесін енгізеді. Салықтық бақылауды толығымен цифрландырады және салықтық міндеттемелердің орындалуын қашықтан мониторингтеуді қамтамасыз етеді. Бұл сонда бизнесмендерге арнлаған ЦОН болайын деп тұр ғой. Өте дұрыс нәрсе.

  • default avatar
    10:13, 20 желтоқсан 2020

    Ерсин

    Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жұмылдыру үшін «Nur Otan» партиясы тәуелсіз интернет-алаң құрады екен. Өте дұрыс бастама.

  • default avatar
    10:09, 20 желтоқсан 2020

    Айсауле

    Әділ әрі ашық түрдегі бастамаларыңыз, әрбір істеріңіз алға баса берсін! Nur Otan алға

  • default avatar
    10:09, 20 желтоқсан 2020

    Айсауле

    Халыққа қол ұшын созатын бірден бір партия Нұр Отан. Біз сіздерге сенеміз!! Жұмыстарыңызға сәттілік!!

  • default avatar
    10:08, 20 желтоқсан 2020

    Айсауле

    Нұр Отан алдағы 5 жылда 800 жаңа мектеп салады. Нағыз партия, мен сендерге дауыс берем

  • default avatar
    10:08, 20 желтоқсан 2020

    Айсауле

    Нұр Отан ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған мерекелік шараларын өткізді. Бұл шаралар қазіргі жастарға Қазақ халқының, ұттық мәдениетін ата бабаларымыздың тарихын еске алып, қайта жаңарту жолындағы үлкен жұмыстар болды

  • default avatar
    09:57, 20 желтоқсан 2020

    Айсауле

    Nur Otan Мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді, АЛҒА НҰР ОТАН

  • default avatar
    09:56, 20 желтоқсан 2020

    Самат

    «Nur Otan» халықтық партиялық тізім ұсынды. Олардың қатарында 30% - ы әйелдер, 20%-ы жастар. Істерімен көрсетуде

  • default avatar
    09:56, 20 желтоқсан 2020

    Самат

    Праймериз «Nur Otan» партиясынан халықтық партиялық тізімдер қалыптастыру үшін негіз қалады

  • default avatar
    09:55, 20 желтоқсан 2020

    Самат

    Нұр-Отаннан басқа партиялардың барлығы тек сайлау алдында ғана оянады ұйқыдан, ал Нұр-Отан партиясы әрдайым белсенді жұмыс атқарып келе жатыр

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар