Ресейде жаңа жылдық демалысты мамыр айына ауыстыру ұсынылды

/image/2020/12/19/crop-57_61_386x687_430815_novogodnyaya_moskva_moskva_gorod_moskva_kremly_gim_noviy_god_illyuminatsi

Ресей ғылым академиясының академигі, мемлекеттік думаның депутаты және бұрынғы бас санитар дәрігер Геннадий Онищенко жаңа жылдық мерекелерді мамыр айына ауыстыруды ұсынды. Бұл туралы ria.ru сайты хабарлады. 

Онищенокның айтуынша, ресейліктер жаңа жылды "ұзақ" қарсы алмауы керек.

– Демалысты мамыр мерекелеріне ауыстырған дұрыс. Ауа-райы басқаша болады және саяжайларда демалуға мүмкіндік болады, – дейді Онищенко.

Сондай-ақ ол ресейліктерге жаңа жылға шетелге бармауға кеңес беретінін атап өтті.  

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар