Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Асилов, Қ.Иматов және Ә.Керімбекова "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Сарыағаш қаласы Т.Айбергенов көшесінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
Үміткерлер тұрғындармен кездесу барысында бірінші кезекте аталмыш аймақ бойынша қордаланып қалған мәселелер тізбегіне тоқталып, Сарыағаш ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында алдағы 5 жылда сол өңір бойынша жоспарлармен таныстырды. Сарыағаш қаласы бойынша аудандық аурухананың сыйымдылығы «Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматқа денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді қолдайды.
Бұл бойынша партия: Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге; 240 төсек орындық перинаталды орталық емдеу нысанының құрылысына; ауысымына 500 келушіге арналған аудандық емхана нысанының құрылысын жүргізу жоспарларға алынған.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді
Пікір қалдыру