"2021 жылдан бастап зейнеткерлік жасы төмендейді. Үкімге ресми түрде қол қойылды"

/image/2020/12/21/crop-10_37_392x697_whatsapp-image-2020-12-20-at-19.28.02.jpeg

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан "2021 жылдан бастап зейнеткерлік жасы төмендейді. Үкімге ресми түрде қол қойылды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерлер үшін зейнеткерлік жас – 63 жас, әйелдер үшін бүгінгі таңда – 59,5 жас, одан әрі 2027 жылға қарай 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

"Елде 2018-2027 жылдар аралығында әйелдер үшін зейнетке шығу жасын жыл сайын 6 айға біртіндеп арттыру көзделген. Бұл ретте қазіргі уақытта зейнеткерлікке ерте шығу бойынша жеңілдіктерге құқығы бар әйелдерге зейнетақы жасын көтерудің қатысы жоқ. 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге – 53 жаста, Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер – 45 жаста зейнетке шығады. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз" делінген министрлік мәлімдемесінде.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар