Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС бас директоры Имер Боннерді қабылдады

/image/2020/12/21/crop-133_7_1631x2175_154513418800.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Теңізшевройл" ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Сайт мәліметінше, бас директор Боннер президент Тоқаевқа "Теңізшевройл" компаниясының өндіріс орындары мен "Теңіз" кенішіндегі коронавирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндады.

"Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды. Мемлекет басшысы "Теңізшевройл" компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды" делінген хабарламада.

Кездесу соңында президент Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар