Сенат депутаты Еділ Мамытбеков экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері жөніндегі заң жобасының мәжіліске қайтарылуына, оның ішінде зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалану жөніндегі нормаларды қамтитын заң жобасына түсініктеме берді. Ол зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салуды Сенат ұсынбағандығын айтты. Бұл туралы ҚР парламенті сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
– Бүгін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандықтардың түсінбеушілігін тудырған ақпарат жарияланды. Яғни, сенат мәжіліске зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы ережені қайтарғаны хабарланды. Тіпті біреу менің сөзіме тікелей сілтеме жасаған. Алайда, мен бұл турасында ештеңе айтпаған едім. Біздің отырыс тікелей эфирде сенаттың сайтында көрсетілді және қазір YouTube-та қолжетімді. Негізінде бүгінгі отырыста сенаторлар экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді қарады. Осы аталған бағытқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй мәселелерін шешу және емделу ақысын төлеу үшін пайдалану құқығына қатысты нормалар өзгеріссіз қалды, – дейді сенатор.
Аталған бөлімге сенаторлар ешқандай өзгеріс енгізбеген. Сондай-ақ отырыста қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігінен бас тарту туралы сөз болмаған.
– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін келесі жылдың қаңтар айының алғашқы күндерінен мәжіліске жіберілді. Олар тек заң жобасының жекелеген ережелерін нақтылайды. Бұдан басқа, бұрын депутаттық корпус осы бөлікте бірқатар қосымша шараларды пысықтаған болатын. Еске сала кетейін, жақында сенаторлар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу кезінде біржолғы табыс салығын ұстап қалуды емес, оны зейнеткерлікке шыққанға дейін төлеуді кейінге қалдыруды және адамдарға оны 16 жыл бойы бөліп төлеуге мүмкіндік беруді ұсынды. Осылайша сенаторлар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу туралы норманы қолдайды. Бұл туралы бүгін сенат отырысында да айттық, – деді депутат.
Пікір қалдыру