Бейнеуде ер адам пойыздағы өрттен қайтыс болды

/image/2020/12/22/crop-108_10_623x1108_84ea0935-7ef1-4973-8896-7654cec189f7.jpeg

20 желтоқсан күні Бейнеуде өрттен денесінің 80 пайызын күйік шалған 42 жастағы ер адам қайтыс болды. Бұл туралы инАктау сайты хабарлады.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шегуші жағдайының өте ауыр болғанына байланысты оны Ақтауға санавиациямен тасымалдау мүмкін болмаған.

Зардап шеккендердің төртеуі медицина мекемелерінде емделіп жатыр. Денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адам мен оның 11 жасар ұлы Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

– Ер адамның жағдайы ауыр, ол ИВЛ аппаратына қосылған. Денесінің 50 пайызын күйік шалған бала қазір өрт кезіндегі қорқыныштан арылды. Сөйлей бастады. Ақыл-есі дұрыс. Біршама жақсару байқалады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 14 желтоқсан күні Маңғышлақ-Ақтөбе пойызында жүк вагоны өртке оранып, бес адам зардап шекті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар