Дәулеткерей Кәпұлы: Парламентке дайын құжатпен бара жатырмыз

/image/2020/12/22/crop-4_24_697x1239_maxresdefault-2.jpg

Ұлттық идеология дұрыс жолға қойылмай, Қазақстанның даму стратегиясы дұрыс жолға қойылмайды. Бұл туралы "Ауыл" партиясының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы партиялар арасындағы дебатта айтты.

– Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекетте түбегейлі өзгеріс жасау үшін алдымен әлеуметтік немесе экономикалық мәселелерді емес, алдымен идеологиямыздың қалай болатынын айқындап алуымыз қажет. Ұлттық идеология дұрыс жолға қойылмай, біздің даму стратегиямыз дұрыс жолға қойылмайды. "Ауыл" партиясы ұлттық идеология тұжырымдамасын дайындады. Оны еліміздің зиялы қауымдары мен ұлт жанашырлары талқылады. Парламентке осы дайын құжатпен бара жатырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар, партия мүшесі мәдени құндылықтарды қорлап жүргендерге қатысты жаңа заң жобасын ұсынатындарын мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар