"Ауыл" партиясының мүшесі Дәулеткерей Кәпұлы партиялар арасындағы дебатта жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруді түбегейлі тоқтату керек екенін айтты.
– Партиямыздың басым берген бағыты – жер мәселесі. Жерді сатуды және шетелдіктерге жалға беруді түбірімен тоқтатып, мораторий аяқталғанша, заңмен шегелеп алуымыз керек.
Біз иттен туып, іннен шыққан жоқпыз. Жерді сату – анаңды сатумен бірдей. Сондықтан мұны барша халық қолдайды деп ойлаймын, – деді ол.
Пікір қалдыру