Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның тәуліктік статистикасын жариялады.
Соңғы тәулікте 733 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 9 адам қайтыс болған. 191 адамнан пневмония анықталды, 2 адам көз жұмды.
Қазіргі таңда 24 863 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 437 пациент стационарда, 20 426 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 239 адамның жағдайы ауыр, 50 пациенттің жағдайы өте ауыр, 49 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылдың 13 наурызынан бастап 23 желтоқсанға дейін 148 708 адам Covid-19-бен ауырған, оның ішінде 2209 адам қайтыс болған.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 23 желтоқсанға дейін 44 795 адам пневмония жұқтырған, соның ішінде 481 адам көз жұмған.
Пікір қалдыру