Кейде ел қалқаған азаматтардың, немесе ел аузындағы бір тұлғаның жалпы жұртқа жаға беруі- екі талай. Қоғамдағы жел сөздер мен қу ауыздан шыққан қаңқу сөздер әлгі тұлға туралы немесе белгілі азамат туралы жұртшылық пікірін екіге бөлетіні даусыз. Ал, бұл әңгімедегі азамат өз кезінде өз халқының алғысын алып, ілтипатына бөленген азамат еді, десек артық айтпаған болар едік. «Жаңа әуен» деген концерттік серіктестік құрып , жаңа әншілерді жаңа әндері мен қытай қазақтары арасында танымал еткен. Сол жақтағы «Шоу бизнестің» шыңына шыққан жалғыз азамат
─ Ассалаумағалейкөм аға! Атамекенге ат басын бұрып, арқаға келіп жайғасқан екенсіз.Орталықтағы ордалы шаңырағыңыз құтты болсын! Ең әуелі өзіңіз жайлы, отбасыңыз жайлы айта отырсаңыз.
─ Рахмет! Мен өзім Қытай халық республикасындағы қасиетті қазақ жерінде туып өстім. Біз бір шаңырақта сегіз ағайындымыз. Әкеміз Нұрмұхан қаламын қару еткен жазушы, сыншы. Қазіргі кезде олардың барлғы дерлік атамекенге қоныс аударды. Мен өзім солардың соңы болып көштім. Қоныс аударғаныма бір жыл болды. Міне , өзің көріп отырғандай Қазақ елінің Ақ ордасы ірге тепкен Астана деген әсем қалада ерке есілдің жағасында тұырып жатқан жайым бар. Әйелім- Айнұр Қажымоллақызы қытай қазақтарына танымал әнші, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған, кейін өзім продюсер болғандықтан, өнер саласына бір жолата бет бұрды. Айжан есімді қызымыз бар.«Балапан ұядан нені көрсе, ұшқан да соны іледі» демекші, әке-шешесі бірдей өнер саласында жүргенен кейін, ол да өнерден кенде емес. Зз репертуарында оншақты әні бар. Бейне баян да түсіріп үлгердік. Қазақ еліне келгенен кейін «Ғұмыр- дария» республикалық ән байқауында жүлдегер атанып, анасы екумізді бір қуантып тастады.
─ Бұл күнде немен айналысып жүрсіз?
─ Енді, «көрген көргенін істейді, көсеу түрткенін істейді»деген мақал бар ғой.
Сол бұрынғы кәсібімізден онша алыстап кеткеміз жоқ. Ең алғаш рет үн таспа сататын шағын дүкен ашудан бастадық кәсібімізді. Одан ары біртіндеп концерттік кештер ұйымдастыра бастадық. Ол кезде қытай қазақтары арасында үкімет жағынан ұймдастырлатын тегін мерекелік іс-шаралар болмаса, жеке адамның билет сатып, шығармашылық концерттер ұйымдаструы мүлдем қалыптаспаған еді. Сол кезде біз «Жаңа әуен» деген концерттік серіктестік құрып, халық арасында танылмай жүрген бірқанша таланты жастарды халыққа танымал еттік. Ел ішін аралап жүріп, билет сатып көптенген шығармашылық концерттер бердік . Содан түскен қаржыларды топтастыра отырып, әншілеріміздің танымалдылғын арттыра түсіу үшін, көптенген бейне баяндар түсірдік. «Қара жорға» биіне түсірлген бейне баянмыз қытай қазақтарының арасында ғана емес, әлем қазақтарының көзайымына айналды деуге болады.
─ Яғни сізді қытай қазақтары арасындағы «Шоу бизнесті» тұңғыш қалыптастырған, және қытай қазақтары арасындағы тұңғыш продюсер деп тануға болады ғой?
─ Иа, солай деуге болады. Қазіргі әлі күнге дейін танымалдылғы жағынан алдыңғы орында тұратын Ақыметжан Рабжанұлы, Қажымұрат Шешенқұлұлы, «Дос» тобы сынды жас әншілер менің продюсерлік жобамда болған еді. Одан кейін мен Қазақ еліне қоныс аудардым, бұл жерге келгенен кейін « Жібек Жолы» шоу- техника және продюсерлік орталық құрып көптеген жобалармен айналсып жатырмыз.
─ Қазіргі қытай қазақтары арасындағы болашағынан үміт күттіретін танымал жас әншілерден кімдерді атар едіңіз?
─ Біраз жастар бар, түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып үлгірген. Бірақ олардың халықтың есінде қалатындай әндері жоқ. Сол байқаулар да орындалған әндері бар,бірақ олар тек сол байқауға ғана арналған және байқау шарттары аясында ғана орындалған әндер.
─ Қытай қазақтары арасындағы мәдениет саласында өнер саласында жүрген адамдардың Қазақ еліне көші неге тоқырап қалды?
─ Бұл жалпы өнер саласындағы адамдар ғана емес, қазіргі кезде тұтас қазақ көші тоқырап қалды. Бұған себеп ең әуелі Көші-қон саясатындағы кемшіліктер. Қазақ елінде азаматтық алудың қиындасуы және қытай жақтан виза алудың қиындығы себеп болып отыр. Қытай қазақтары арасындағы мәдениет майталмандары, өнер адамдары атамекенге келіп-кетіп жүр. Біразы бір жолата көшіп келді, кейбірі бір жолата көшіп келгенімен, бұл жаққа үйренісе алмай қайтып көшіп кетті. Мен көштім деп жар салып, қазақ еліне келгенен кейін бір- екі жыл тұрақтап қайта көшіп барып жатса, ол жақтағы атамекенге келем деп отырған қандастармыздың көңіліне күдік ұялатады. « Анандай мықты адам көшіп барып, үйрене алмай қайтып келгенде,біздің күніміз не болады»и деген халық көңіліне қорқыныш әкеледі. Ал бұндай жағдай атамекенге деген көштің жандануына сәл де болса салқынын тигізеді.
─ Әрине дұрыс айтасыз, ал енді болашақта қандай жоба-жоспарыңыз бар?
─ Оны бір Алла біледі. Десе де, атамекенге келгенен кейін бірдеңе алам деп еме,с бірдеңе берем деп келу керек. Аз да болса, бір пайдамды тигізсем бе, деген ойым бар. Көп адам біле бермейді, мен Қытайдағы әйгілі Нән хай универститетінің экономика факультетін бітіргенмін. Ғарыштап дамып келе жатқан қытай экономикасы жайлы бір шама зерттегенмін.Жақсы хабарым бар, сол қытай экономикасының тиімді жақтарын алып қазақ еліне қалай пайдалану керек, сол жөнінде көпшілікке түсінікті қарапайым тілмен көптеген сараптамалық мақалалар жазсам ба деген ой бар. Шама келсе, экономикалық бағыттағы кітап та жазу ойда бар.
─ Уақытыңызды бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет! Әңгіменің соңын әдемі тілекепен аяқтасаңыз?
─ Ең бірінші елмізге тынштық керек, тыныштық болса бәрі болады. Сондықтан елміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жұмаділ Жарқынбек