АҚШ-тың 7-ші флоты Қытай әскери күштері АҚШ-тың зымыран жойғышын өкшелей қуғанын хабарлады. Ал The Global Times Вашингтон соғыс кемелерінің Оңтүстік Қытайдағы шекаралық аймаққа жақындағанын жазды.
АҚШ-тың ресми өкілі Fox News-ке Бейжіңнің соғыс кемесі АҚШ әскери кемесінің соңынан еріп отырғанын айтты. Ол кезде АҚШ соғыс кемесі Қытайдың Джонсон Оңтүстік рифі мен Гавен рифіндегі әскери ғимаратқа жақындаған.
АҚШ-тың 7-ші флоты миссия туралы егжей-тегжейлі мәлімдеме жасап, оның халықаралық ережелерге сай болғанын мәлімдеді.
Онда Вашингтон жасаған "іс-қимылдар халықаралық нормаларға сәйкес келді" делінген.
Миссия АҚШ-тың даулы Оңтүстік Қытай теңіз аймағы арқылы еркін өту құқығын қорғаудың бірнеше әрекетінің бірі болды.
Ал қытайлық Global Times газеті "АҚШ әрекеті Қытайдың егемендігі мен қауіпсіздігін елеулі бұзу және бұл Оңтүстік Қытай теңізіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты айтарлықтай нұқсан келдірді" деп жазды.
Басылым Қытай халық азаттық армиясының Оңтүстік теңіз басқарма өкілі аға полковник Тян Джунлидің "командалық әскерлер әрдайым жоғары дайындықта болады және өздерінің ұлттық егемендігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі міндеттері мен миссияларын берік орындайды" деген сөздерін жариялады.
Пікір қалдыру