Бірқатар шектеулер бар. Алматы бас санитарының жаңа қаулысы жарияланды

/image/2020/12/24/crop-4_15_277x492_2020_12_09_crop-107_12_841x1121_bekshin.jpg

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "Короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" қаулыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзді. 

Қаулыға сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде қосымша кезекшi топтардың ашылуы тоқтатылады, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимiн, күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық режимдi қатаң сақтай отырып, сауда объектiлерi сағат 23.00-гe дейiн жұмыс істейдіү.

Сонымен қатар бөлек тұрған және аталған сауда объектiлерiнде орналасқан азық-түлiк дүкендерi мен дәрiханалар жұмыстарын уақытпен шектемей жалғастыра бермек. Оған қоса кейбір мекеме қызметкерлерінiң 60-80%-ына қашықтан жұмыс істеу тәсілі мiндеттеледi.  

Қаулы мәтінінің толық нұсқасы мына жерде.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар