Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайды мәлімдеді.
– Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күнде күрделі күйінде. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 17790 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ тамыз айынан бастап есепке алынған этиологиясы анықталмаған (коронавирус) пневмонияның 1349 жағдайы тіркелді, – деді ол.
Оның айтуынша, қалада қыркүйек айында коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеген. Алайда қазан айынан бастап қайта көтерілген.
– Қазанда – 366 жағдай, қарашада – 1399 жағдай және желтоқсан айында бүгінгі күнге дейін – 1635 жағдай тіркеліп, індеттің өсуі қарқын алды. КВИ бойынша Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдайының өрбуі алдын ала болжамдаған мөлшерге сәйкес келіп отыр: желтоқсан айында 1 аптада – 420 жағдай, 2 аптада – 460 жағдай, 3 аптада – 510 жағдай, 4 аптада – 560 жағдай болжам бойынша жалпы айдың қорытындысымен 1900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2200 жағдайға жетуі мүмкін, – деді бас санитар дәрігер.
Пікір қалдыру