КВИ. Өткен тәулікте 10 адам қайтыс болды, 90 науқастың жағдайы ауыр

/image/2020/12/28/crop-36_110_533x948_160670223098z5w_1000x768.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі эпидемиологиялық жағдайды хабарлады.

Министрлік мәліметінше, соңғы тәулікте 799 адамнан коронавирус анықталып, 10 адам көз қайтыс болған. 27 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония табылған.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша,  22 480 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 058 пациент стационарда, 17 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 245 адамның жағдайы ауыр, 48 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар