"Бек Эйр" тұтынушыларға 103,3 млн. теңге қайтарады

/image/2020/12/29/crop-33_1_717x956_samolet-bek-air-propal-s-radara.jpg

Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің "Бек Эйр" АҚ-ға деген төртінші талап арызын қанағаттандырды, онда 1533 адамның мүддесі ұсынылған, талап қою сомасы 9,3 млн. теңге.

Осылайша, Комитет қабылдаған шаралар нәтижесінде сот тәртібімен 1678 адамның құқықтары қорғалды. "Бек Эйр" әуекомпаниясы тұтынушыларға 103,3 млн. теңге қайтаруға тиіс.

Комитетке күн сайын тұтынушылардың шағымдары келіп түсуіне байланысты бесінші талап сотқа беріледі.

ТҚҚК-нің "Бек Эйр" АҚ-ға алғашқы екі талабы заңды күшіне енгенін еске саламыз.

Заңнама талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушылары ғана уәкілеттік берілгеніне назар аударамыз.

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс.

Сондықтан тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша қажетті және уақтылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы.

Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының Палатасына жүгінуі қажет.

Үшінші талапты Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы қарайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар