2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

/image/2020/12/30/crop-70_48_652x1159_2020123009463657555_2020123009185342043_d3ebd12f9bb71500b9e6.jpg

2021 жылы мереке күндерін қосқанда қазақстандықтар 121 күн демалады. Жаңа жылда барлық мереке демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен қазақстандықтар 3-4 күн қатарынан демалады.

Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.

2021 жылғы ең ұзақ демалыс күндер:
қаңтарда - Жаңа жылда - 4 күн;
наурызда - Наурыз мерекесі құрметіне - 5 күн;
мамырда - Жеңіс күнінде - 4 күн;
желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне - 4 күн.

Басқа мерекелерде демалыс күндері үш күнге созылады. Сонымен бірге, бір демалыс Рождествоға - 7 қаңтарға сай келеді, Құрбан айттың бірінші күні де демалыс, ол 20 шілдеге сәйкес келеді. 8 наурыз дәстүрлі түрде Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтіледі. Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге келгендіктен, осы күнге арналған демалыс 3 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

9 мамырдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні жексенбіге де келіп түседі, соған байланысты демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

Айта кету керек, алдағы жылы қазақстандықтар Астана күнін 3 күн - 4,5 және 6 шілдеде атап өтеді. Ал сенбі, 3 шілде жұмыс істейді (кейінге қалдырылды).

30 тамыз - Конституция күнінде де демаламыз.

Желтоқсанда бізде 3 мереке болады: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар