Киото университетінің ғалымдары орман шаруашылығымен айналысатын компаниямен бірігіп, ағашты ғарышта қалай пайдалануға болатынын анықтады. Мұндағы мақсат – әдеттегі жерсеріктер Жершарының жоғары атфосферасына кіріп жанып кеткен кезде пайда болатын ластануды болдырмау.
Халықаралық ғарыш стансасының бұрынғы ғарышкері Такао Дои ВВС-ге берген сұхбатында жасанды серіктер оралған кезде жер атмосферасында жиналатын қоқыстарға қатысты алаңдаушылық білдірді.
"Бұл бөлшектер атмосферада ұзақ жылдар бойы сақталуы мүмкін" деп қосты ол. Ғалымның айтуынша, ағаш спутниктер, керісінше, толықтай жанып кетеді.
Зерттеушілер қолданатын ағаштың белгілі бір түрлерін құпия ұстап отыр. Сумитомо орман шаруашылығымен серіктестіктің арқасында олар әртүрлі типтерді сынап көрмек.
Пікір қалдыру