Қазгидромет алдағы күндері - 40 градустық аяз болатынын хабарлады

/image/2020/12/31/crop-16_158_823x1464_7-40.jpg

"Қазгидромет" 2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 2 қаңтар аралығында Қазақстан аумағы суық сиклон ықпалында болатынын хабарлады.

"Қар мен ауа температурасының көтерілуіне әкелген Атлантикалық циклон тек шығыс аймақтарға әсерін сақтайды. Қазақстанның қалған аумағындағы ауа райын Таймыр аудандарынан келетін суық антициклон анықтайды. Ол шығысқа қарай жылжып, солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасының түнде 30-35-ке дейін, жекелеген аудандарда 40 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі" делінген Қазгидромет болжамында.

Сондай-ақ 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы -20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді.

Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады. 2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерлерде 42 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерлерде - 43 градус қатты аяз күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар