Алдағы сайлауда дауыс берудің арнайы алгоритмі таныстырылды

/image/2020/12/31/crop-93_3_380x676_vybory-koronavirus.png

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау алгоритмі жайлы айтты.

Алгоритмге сай төмендегідей талаптар қойылады:

- Әрбір сайлау учаскесінде кіреберісте медицина қызметкерлері немесе волонтер кезекшілікпен термометр арқылы келген азаматтардың температурасын өлшеуі керек;

- Қолды дезинфекциялауға арналған санитайзер болуы тиіс;

- Сайлаушылардың қозғалыс бағыты бойынша арақашықтық белгілер мен нұсқаулық болуға тиіс;

- Пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын тастауға арналған контейнерлер, дене қызуы көтерілген (37ºС-тан жоғары) жағдайда адамдарды оқшаулауға арналған жеке орын болуы қажет.

Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру кезінде комиссия мүшелері әрбір 3 сағат сайын масканы ауыстыруға тиіс, ішке кіргенде қолды тазалау, ал  қол алысуға және келушілермен жақын байланысуға болмайды, сайлау комиссиясы нысанын ылғалды тазалап, жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру қажет.

Бұдан басқа, сайлау бюллетеньдерін таратқанда тікелей байланыс орнатуға болмайды.

Сайлаушылар жеке басын куәландыратын құжатты сайлау комиссиясының мүшесіне көрсетеді, бірақ қолына берілмейді.

– Сайлаушылар сайлау учаскесіне барғанда медициналық маска және антисептикалық сұйықтық қолдануы керек. Бюллетеньді алған кезде комиссия мүшелерінің қолына бермейді, жеке басын куәландыратын құжатты ашып көрсетуі керек. Дауыс беруге өз қаламыңызды ала келіңіз,  болмаған жағдайда сайлау комиссиясы берген қаламды пайдаланыңыз. Бала ертіп келуге болмайды.

Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс беруге қатысушылар сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауға тиіс, – деді бас санитар дәрігер.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар