Түркіменстан билігі банкоматтарды алып тастап жатыр

/image/2020/12/31/crop-120_121_576x1024_2020123112092633303_027c61d9-db0e-4cda-8d02.jpg

Түркіменстанның бірқатар аудан орталықтарында банкоматтардың жартысынан көбі алынды, демонтаж жалғасып жатыр. Бұл туралы zakon.kz  сайты хабарлады.

Елде қолма-қол ақшаға тапшылық сезілуде. Банкоматтарда ақша алу үшін кезекте тұру жалғасып жатыр.

Фарап ауданында 19 банкомат болса, олардың алтауы ғана істейді. Дарганата аймағында 27 банкоматтың 8-і ғана қалған.

Банкоматтардың қысқаруы кезекті көбейтіп, тіптен сол үшін жиі жанжалдасатын жағдайларды да жиілеткен. 28 желтоқсанда Гызыларват қаласында кезектегі ашулы тұрғындар оларды бақылап тұрған полиция қызметкерін сабап тастаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар