«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы кафелер мен мешіттерден адам жинауда

/uploads/thumbnail/20170708193426190_small.png

Осындай мәлімдемені Түркияның ірі оппозициялық партиясы CHP (Республикалық халық партиясы) жасаған зерттеулер нәтижесінде құжаттық түрде жеткізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы түркиялық «Bugün» газетіне сілтеме жасайды.

Шанлыурфа қаласына қарасты Суруч аймағында орын алған лаңкестік әрекетке байланысты Түркияның Шығыс және Оңтүстік-шығыс аймақтарын қатаң бақылауға алған аталмыш партия мүшелері Адыяман қаласында жүргізген зерттеу нәтижелерін мәлімдеді.

CHP партиясының төраға орынбасары Вели Ағбабаның жетекшілігіндегі бақылау тобы тарапынан әзірленген құжатта кейбір «Ислам мемлекеті» содырларының қатарына адам тарту мақсатында кафе мен мешіттерде ұйым өкілдерінің бар екендігі, сондай-ақ, балалары осы ұйымға кеткен отбасылардың түсірген шағымдары назардан тыс қалып жатқандығы айтылған.

Экстремистік ұйым мүшелерінің жедел жәрдем көліктерімен Сирияға жөнелтіліп жатқандықтары айтылған құжатта: «Жұмыссыздық салдарынан шайханалар мен кафелер адамға толы. Тіпті кейбір кафелер «ИШИМ мен байланыс нысаны» секілді... » деген жолдар көпшіліктің назарын бұрды.

Террорлық ұйымның өз «құрбандарын» жинауға ыңғайлы санаған ендігі бір нысаны, сол жердегі кейбір мешіттер екен. Әсіресе, Марашшылар және Фатих мешіттерінде сырттан келіп, мешіттерде түрлі «уағыздар» айтып, жиһадқа үндеушілер бар көрінеді.  

Мәлімдеменің соңында тағы да мынадай жаға ұстатар жайт орын алған: «Аталған аймақта шекара қауіпсіздігі жоқ десе де болғандай. Бұл жағдай ИШИМ-нің жастарды Сирияға және басқа аймақтарға әкетулеріне мүмкіндік беріп отыр. Құзырлы органдардың ИШИМ-нің бұл әрекеттеріне қарсы ешқандай шара қолданбай отырғандықтан, ал бұндай салғырттықтардың ИШИМ-нің сол аймақта «жалғанды жалпағынан» басқандай еркін әрекет етулеріне жол ашып жатқандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда кафелер ұйымға мүше жинауға ыңғайлы орын ретінде қолданылуда. Ұйым насихатталған кейбір мешіттер де қатаң бақылауға алынып, ал шағымдарға салғырт қарағандар қатаң жауапқа тартылу керек» делінген.

Нұрзат Тоғжан «Қамшы» порталы, «Bugün» газеті

 

 

Қатысты Мақалалар