АҚШ Конгресі алғаш рет Трамп қойған ветоны жойып, жаңа заңды мақұлдады

/image/2021/01/02/crop-15_14_594x1160_000_8xz4np.jpg

АҚШ Конгресі қорғаныс шығындар туралы заң жобасына президент Дональд Трамп қойған ветоны жойды. Бұл Трамп президент болып тұрған кезеңде бірінші рет болды.

740 млд АҚШ долларына қатысты заң жобасы Вашингтонның алдағы жылға арналған қорғаныс саясатын қаржыландырады. Бірнеше аптадан кейін қызметінен кететін Трамп заң жобасындағы кейбір ережелерге қарсылық білдірген.

Дегенмен, ұлттық қорғанысты авторизациялау туралы заңға АҚШ сенаты 81-13 салыстырмасымен дауыс берді. Бұл "президенттік ветоны жою үшін екі палатаның үштен екі бөлігі дауыс беруі қажет" деген шартты қанағаттадырып, Трамптың қойған ветосы жойылды. Бұл АҚШ-тың жаңа конгресінің ант беруіне екі күн қалғанда болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар