Бейжіңді сынаған Қытай миллиардері Джек Ма "жоғалып" кетті

/image/2021/01/03/crop-15_8_522x790_0_files-france-china-tech-ecommerce-finance.jpg

Соңғы кездері Бейжіңді жиі сынап жүрген қытайлық миллиардер Джек Ма көрінбей кетті. 

Бір кездері коммунистік режимнің сүйікті адамы болған миллиардер "жоғалып" кеткен соң, оның фотосуреті өзі ұйымдастырған реалити шоудың әділқазылар алқасының веб-парақшасынан өшірілген және кейінірек ол жарнамалық бейнероликтен де алынып тасталған. Оған қоса, әдетте күніне бірнеше твит жариялайтын Джек Маның Твиттер парақшасында соңғы апталарда белсенділік болмаған.

Financial Times басылымы Джек Маның көрінбеуін оның қараша айында мемлекеттік реттеушілер мен банктерді сынағанымен байланыстарады.  

Маның сынынан кейін оның Ant Group компаниясының 37 миллиардтық акциясы тоқтатылған.

Айта кетейік, өткен айда Бейжің монополиялық тәжірибеге байланысты Джек Маның Alibaba компаниясын тексеруге алған болатын.

 

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар