«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысына келді. Мұнда билеуші партия өкілдері қала мен ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіп көсіпорындарының ұжымдарымен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен, кәсіпкер әйелдермен және басқа да азаматтармен 20 кездесу өткізді.
«СарыарқаАвтоПром» зауытының жұмысшыларымен кездесуде республикалық штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Таяудағы 5 жылда облыста 80 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу, 2,8 мың км автожол салу және жөндеу, 100 мыңдай ауыл тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салу және басқа да жобалар жоспарлануда.
Бұдан кейін нұротандықтар өңірдің зиялы қауым өкілдерімен ұлттық мәдениет пен руханиятты дамыту, қоғамда бірлік пен келісімді нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар кездесуде әйгілі ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай партия қолдауымен Қостанай өңірінде республикалық айтыс өткізу және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында оған арналған ескерткіш орнату жайы да қозғалды.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan»-ның сайлауалды Съезінде атап өткендей, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында этникалық әртүрлілікті артықшылыққа айналдырып, өзінің ұлттық бірегей стандартын қалыптастырды. «Nur Otan» партиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге қоғамда өзара құрмет пен барша азаматтың теңдігі құндылығын дәріптеуді ары қарай жалғастыра береді. Кемсітушілікті көздеген кез келген келеңсіз әрекеттің жолы кесіледі. Сондай-ақ, шекара маңындағы аумақтарды дамыту және мемлекеттік тілдің барлық саладағы қолданысын кеңейту қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында атап көрсеткендей, «қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халықты біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Осы күні партия өкілдері Рудный қаласының тұрғындарымен де кездесіп, қалалықтарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.
Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының маңызды басымдықтарының бірі шағын және моноқалаларды қоса алғанда, өңірлерді ары қарай дамыту болып табылады. Бұл үшін шағын қалаларда жолдарды, инженерлік инфрақұрылымды салу және реконструкциялау және т.б. жоспарланып жатыр. Моноқалаларды дамытуда жүйе құраушы кәсіпорындардың рөлі артады. Жастар бастамаларын қолдау үшін арнайы ресурстық орталықтар құрылады.
Жалпы, 5 жылда «Nur Otan» партиясы 977 мың қазақстандық отбасы үшін 100 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді, 25 мың республикалық, сонымен қатар 27 мың км жергілікті жолдар салу мен реконструкциялауды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Кандидаттарымыз праймериз кезінде жинаған түйткілді мәселелерді талдау негізінде «Nur Otan» нақты Рудный қаласында жаңа тұрғын үйлерді қолданысқа енгізуді, аулаларды абаттандырып, балалардың ойын алаңқайларын салуды, жылу, су және кәріз желілерін жаңғыртуды алдына міндет етіп қойып отыр.
Осы және басқа да әрбір өңір, қала мен аудан бойынша сайлауалды бағдарламалармен nurotan2021.kz сайтынан толығырақ танысуға болады.
«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді
Пікір қалдыру