Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңнамалық актілерге қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Президент қол қойған заңдардың қатарында төмендегідей құжаттар бар:
– "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
– "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
– "Мақта саласын дамыту туралы" заңның күші жойылғаны туралы заң;
– "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Пікір қалдыру