Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі мешіттің ашылу салтанатына қатысады

/uploads/thumbnail/20170708193455205_small.jpg

Жақында Мәскеудегі мешіттің  ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарлануда. Бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары жазуда,-деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ұйымдастырушылар Мәскеу мешітінің ашылуына барлық мұсылман мемлекеттерінен делегация шақырған. Қазіргі таңда тек үш мемлекеттің басшылары реставрацияланған мешіттің ашылу салтанатына қатысатындықтарын ресми мәлімдеген. Олар: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас және Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған.

Мәскеу мешітінің реставрацияланған және жаңа кешенінің ашылу салтанаты мұсылман мемлекеттеріне ортақ қасиетті Құрбан Айт мерекесі қарсаңында, 23-қыркүйекке жоспарланған.

Еске сала кетейік, осының алдында Қытай Астанасы Пекинде ҚР Президенті Н.Назарбаев пен РФ Президенті В.Путин кездесу жүргізген болатын. Онда мемлекет басшылары екі ел арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың негізгі мәселелерін сөз еткен. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған.

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар