Қазақстанда зейнетақы екі есеге артты ма?

/image/2021/01/08/crop-56_3_275x367_crop-13_13_654x1163_5f25144e12e32924667805.jpeg

Stopfake.kz сайтының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшерінің өскені рас, бірақ 50% емес.

– "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асып түсті. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады. Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5%-ға артады. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды. Нәтижесінде, базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды, – делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар