Қазақстанда жаңа кеден бекеттері құрылды

/image/2021/01/14/crop-3_-2_505x897_47a04dce9d309fa5c42ed6b14d79a97d_xl.jpg

Қазақстанда бірқатар кеден бекеттері қысқартылып, жаңа кеден бекеттері құрылды. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет хабарлауынша, Қазақстанда үш кеден бекеті қысқартылған. "Құрық" кеден бекеті мен "Қара шекпен" бақылау-өткізу пункті құрылды. Сондай-ақ "Түркістан-КРО" кеден бекетінің аты өзгерді. 

 1) Алматы қаласы бойынша МКД:

 - "Алмалы - КРО" кеден бекеті қысқартылды;

 2) Ақмола облысы бойынша МКД:

 - "Атбасар" кеден бекеті қысқартылды;

 3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:

 - "Қара шекпен" кеден бекеті қысқартылды;

 - "Морпорт" к/б "Қара шекпен" бақылау-өткізу пункті құрылды;

 - "Құрық" кеден бекеті құрылды;

 4) Түркістан облысы бойынша МКД:

 - "Түркістан-КРО" кеден бекеті "Түркістан-КРО-Әуежай" кеден бекеті болып өзгерді.

"2021 жылғы 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылады. Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы" делінген комитет хабарламасында.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар