Сақ болыңыз! Алаяқтар банк атынан хабарласып карта нөмірлерін иемденуде

/image/2021/01/15/101805472900.jpg

Қазақстанда интернет-алаяқтар қайта әрекет етуде. Бұл жолы олар Halyk Bank атынан төлем карталарының нөмірлерін иемденуде, деп хабарлады stopfake.kz.

Скриншот

"Ақша бонустары туралы хабарламалар What'sApp мессенджерінде таратылуда. Хабарлама авторлары үш досты тіркеп, банк картасының нөмірін жазуды ұсынады, бірақ сайт барлық көрсеткіштер бойынша фишингтік болып табылады. 

Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі, оның көмегімен зиянкестер жеке ақпаратты, төлем деректерін иемденеді және құрбандарының жеке аккаунттарына кіреді. 

Halyk Bank-тің өзінде мұндай акциялар қазіргі кезде өткізіліп жатпағанын хабарлады.

– Бұл алаяқтар. Деректерді қалдырмауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады банктегілер. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар