Ерлан Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырады

/image/2021/01/16/crop-125_73_299x531_210116111240498e.jpg

ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. 

– Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын. 21-22 күннен кейін екінші рет егілу қажет, – деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында.

Бұған дейін өткен жылдың 25 желтоқсанында Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді.

ҚазАқпарат агенттігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 19 желтоқсанда ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды. Жалпы клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті. ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысуда. Зерттеудің барлық қатысушыларына бірреттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар