Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халықтың осал топтарына ресейлік "Спутник V" коронавирус вакцинасын салу жоспарлануда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
– Коронавирус инфекциясын жұқтыру және таралу қаупі жоғары медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентін қоса алғанда, халықтың осал топтары коронавирус инфекциясына қарсы тегін вакцинацияланады, – деді министр.
Оның айтуынша, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа вакцина егу жоспарлануда.
Пікір қалдыру