Қазақстандағы азық-түлік бағасы да қымбаттады

/uploads/thumbnail/20170708193526928_small.jpg

Соңғы девальвациядан кейін Қазақстанда азық-түлік бағасы қадағалауға көнер емес. Импортталатын тауарларды қоспағанда,  отандық өндірушілердің өзі өнім ақысын 20 пайызға еселетіп жіберген. Бұл туралы «Қамшы» порталы КТК арнасы мен nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәселен, ең көп тұтынатын азық түрлері: ұн, сұйық май, ет, қант және сүт бағасы соңғы үш апта ішінде 30 теңгеге дейін көтерілген.

Доллар бағамының  өсуі - Қазақстандағы қымбатшылықты тудырған.  Бірақ бұл жолғы өсімнің созылмалы болатын түрі бар дегенді ҚР Үкімет басшылары бірнеше мәрте қайталаған.  Осыдан кейін-ақ, шығынға батпаудың жолымен  кәсіпкерлер де тауар бағаларын өсіріп жіберген. Мысалы,  ет – 12 %-ға, сұйық май – 10%, ұн – 5 %, сүт – 20 %, қант – 18 %, көкөніс – 7-30 %-ды көрсетіп тұр.

Бір қап шекердің бұрынғы бағасы – 3 500 теңге болса, қазір – 4 400 теңгеге қымбаттатып жіберген.  Ал , 6 пайыздық сүт 230 теңге болса, қазір 320 теңге.

Өспеген әзірге тек жалақы ғана. Сондықтан жұрттың наразылығы орынды.

Қымбаттағандардың қатарында құрылыс тауарлары да бар. Мәселен, Еуропа мен Қытайдан келетін түсқағаздан бастап, темір шатырлардың бағасы да шамамен 40 пайызға өскен. 15 күн бұрын құтысы 1500 теңге тұрған бояулар қазір базарда 2 мыңнан сатылуда. Шымкентте үй құрылысын бастағандар жарты жолда еріксіз жұмысын доғаруға мәжбүр.

Бағаның өсуі- бұдан бөлек коммуналдық қызмет ақысына да қатысты. Бұдан былай ыстық су мен суық су, жылу және көгілдір отынның тарифі еселене түспек. Әрине, өсім киім-кешек саудасында да бар. Ал еркін айналымда жүрген доллардың біздің валютаға шаққандағы құнының  бүгінгі көрсеткіші- 239 теңге шамасында.

 

Қатысты Мақалалар