Көптен көрінбей кеткен Джек Ма халық алдына шықты

/image/2021/01/20/crop-153_4_594x792_66a48b29fa1a0800fa25ad34835ca11c_ce_3095x1930x0x129_cropped_960x600.jpg

Алибаба компаниясының негізін қалаушы Джек Ма ұзақ уақыт үзілістен кейін қайта халық алдына шықты.

Оның кәсібі бақылауға алынғаннан кейін кәсіпкердің қайда жүргені туралы түрлі қауесет тараған.

Миллиардер Қытайдың 100 ауыл мұғалімімен видео арқылы сөйлескен. Чейжанг өңірінің басшыларымен қаржыландырылатын Tianmu News-тің хабарлауынша, Ма мырза қайырымдылық шара ұйымдастыру үшін ауыл мұғалімдерімен сөйлескен. Қайырымдылық шарасы жылда курорттық қала Санияда ұйымдастырылатын, алайда биыл пандемияға байланысты онлайн өтті. Мұғалімдермен сөйлесу барысында Джек Ма пандемия аяқталғанда Санияда қайта кездесу қажеттігін айтты.

Видеода ол көк жейде киген. Джек Ма камераға тік қарап сөйледі. Бөлме сұр мәрмармен қапталған, жолақ кілем төселген. Видео қайда түсірілгенін дөп басып айту қиын.

Осыдан кейін Алибаба акциясы Гонконгтың қор биржасында бірден 5%-ға өскен.

Өткен айда Қытайдың орталық банкі Ant Group компания басшыларына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Ма мырза Ant Group компаниясының басты акционері.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар