Көкшетаулықтар алаңға шықты (видео)

/image/2021/01/25/crop-0_9_420x746_photo_349709.jpeg

Көкшетаулықтар орталық алаңға жиналып, қазақстандықтарды жаппай вакцинациялауға және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына наразылық білдірді. Көкшетау қаласының тұрғындары "Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына және ақпан айына жоспарланған екпеге қарсы наразылықтарын білдіріп,  бейнетаспаға түсірді. 

Видео әлеуметтік желілерде "Көкшетауда митинг өтті" деген жазумен таратылды. Кадрларда 50-ге жуық адам көрінеді. Видеода ер адам жаңа заң жобасына сәйкес, баланың бір шағымынан кейін ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін екенін айтады.

Ақмола облысының әкімдігі 25 қаңтарда сағат 11.00-де Көкшетаудағы тәуелсіздік алаңына адамдар жиналғанын растады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда ұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаны, оған сәйкес балаларды үшінші тұлғалардың өтініштері бойынша отбасынан шығаруға болатыны жайлы ақпараттар тараған. Алайда бұл ақпарат 23 қыркүйекте парламент мәжілісінің жалпы отырысында жоққа шығарылды.

Ал ресейлік Sputnik V вакцинасын егу ақпан айында басталады. Алғашқы екпелер "тәуекел тобына" жататын дәрігерлерге, мұғалімдерге және басқа мамандарға салынады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от НАРОДНЫЙ ПАБЛИК КОКШЕТАУ (@kokshevideogram)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар