Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин ұлттық бірыңғай тесттілеу толық электрондық форматқа өтетінін хабарлады. Бұған дейін бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқан.
ҰБТ мектеп бітірушілер Қазақстанның ЖОО түсу үшін тапсырылатын тест.
Биыл оқушылар ҰБТ-ны компьютермен арнайы тестілеу орталықтарында тапсырады, деп хабарлады sputnik.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов электрондық форматқа өту туралы толығырақ айтып берді.
Оқушылар Face-ID (адамның бет әлпеті арқылы тану) арқылы тестке жіберіледі, яғни ешкім оқушы орнына тест тапсыра алмайды.
Компьютерге прокторинг жүйесі орнатылады (прокторинг - веб камера арқылы тест тапсырушының жүзін экранға келтіріп, түзу отыруын қадағалайтын бағдарлама).
Бақылау камерасы арқылы әр оқушы бақылауда болады.
Электрондық ҰБТ-да тест аяқталғанша жауапты өзгертуге болады.
ҰБТ нәтижесін оқушылар бірден біледі. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ.
Пікір қалдыру