Тоқаев жер кодексіне өзгерту енгізуді тапсырды

/image/2021/01/26/crop-130_14_524x698_13066470.jpg

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Ол жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет екенін атап өтті.

– Биыл жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс.

Үкіметке биылғы қараша айына дейін жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмағандықтан ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналып жатқанын айтты.

– Жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда.

Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын, – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар