Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Асқар Мамин ұлттық бірыңғай тесттілеу толық электрондық форматқа өтетінін хабарлаған болатын.
Биыл оқушылар ҰБТ-ны компьютермен арнайы тестілеу орталықтарында тапсырады, деп хабарлады sputnik.kz.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов электрондық форматқа өту туралы толығырақ айтып берді.
Оқушылар Face-ID (адамның бет әлпеті арқылы тану) арқылы тестке жіберіледі, яғни ешкім оқушы орнына тест тапсыра алмайды.
Компьютерге прокторинг жүйесі орнатылады (прокторинг - веб камера арқылы тест тапсырушының жүзін экранға келтіріп, түзу отыруын қадағалайтын бағдарлама).
Бақылау камерасы арқылы әр оқушы бақылауда болады.
Электрондық ҰБТ-да тест аяқталғанша жауапты өзгертуге болады.
ҰБТ нәтижесін оқушылар бірден біледі. Бұрынғыдай кешке дейін күтудің қажеті жоқ.
Пікір қалдыру