Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны салдыратынын айтты. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
– Отандық вакцинаның тестілеуі оң нәтиже көрсетеді деген үміттеміз. Мұндай жағдайда мен қазақстандық вакцинаны салдырамын, – деді ол.
Мемлекет басшысы үкіметке әкімдермен бірлесе толыққанды дайындықты қамтамасыз етіп, 1 ақпаннан жаппай вакциналауға кірісуді тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация азаматтардың келісімімен ерікті түрде жасалатынын және 18 жасқа толмаған балаларға екпе салынбайтынын мәлімдеген.
Пікір қалдыру