Министр: Мұғалімдер айлығына қосымша ақы қосылды

/image/2021/01/29/crop-109_16_542x723_051932242200.jpg
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook парақшасында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақы төленетіні туралы жазды.
 
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды.
 
Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады.
 
Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады.
 
Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады.
 
Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту бойынша берілген Мемелекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларының шеңберінде басқа да кешенді шаралар қабылданады" делінген министр жазбасында.
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар